dat.kz

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
  • default color
  • black color

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: “АУЫЗЫ ҚИСЫҚТЫҢ ҚҰҚАЙЫ...”

E-mail Баспа PDF

altЕлбасы кезекті мәрте желпіне сөйледі. Жекіре де сөйледі. Ренжіген болды, өкпелеген сыңай қылды...

Таяуда ғана «Самұрықтың» сауырына саусағы тиген Өмірзақ Шүкеев өзінің ежелгі кәсіби шаруасын мүлтіксіз атқарып, «өтірікті – шындай,шынды – Құдай ұрғандай» қылып құрастырып, өсек-аяңның отын үрлеп, жер астынан жік шығарғанға ұқсайды.Мен мұндай қызықты қойылымның санын еске түсіріп, есептемек болдым. Мұнымнан ештеңе шықпады. Жыл сайынғы көрініс. Тоқсан сайынғы – «төбелес». Ай сайынғы – айқай. Жолдау сайынғы – жекіру...

Толық оқу
 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: ҚАЗАҚЫ ӘҢГІМЕ немесе қожалар қозғалысы

E-mail Баспа PDF

altҚазақ қоғамының өзіндік ерекшеліктері қызық. Біз күллі адамзат қолданған демократия құндылықтарын қабылдай отырып, дала билерінің шешімдері мен сұлтан-хандарының дәргейін дәріптейміз. Біз жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы кескілескен күрес ашып, «Жүзге бөлгеннің – жүзі күйсін!» деп, өп-өтірік «байбалам» саламыз...

Толық оқу
 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: БЕС САУСАҚ БІРДЕЙ ЕМЕС... НЕМЕСЕ ҚАЗАҚТЫҢ МЫҢЖЫЛДЫҚ МҮДДЕСІ НЕ?

E-mail Баспа PDF

alt...Кешегідей көз алдымда...

Кеңестің тепкісінен біржола құтылған тоқсаныншы жылдары төбеміз көкке бір елі жетпей қалып еді. Ұлттың бостандығы, елдің еркіндігі, келешек ұрпақтың тәуелсіздігі дейтін асыл ұғымдардан артық ештеңе болмайды...
...Содан бері табаны күректей 20 жылдың өткенін сезбей де қалғандаймыз. Мұның өзі аз уақыт емес екен: кешегі тәуелсіздік құрдастары бүгінде жарқылдаған 20 жасқа толып, отбасын құрып, ата-ана болып үлгеріпті.
Толық оқу
 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: “АСЫРА СІЛТЕУ БОЛМАСЫН, АУЗЫН АШҚАН – АМАН ҚАЛМАСЫН!..”

E-mail Баспа PDF

alt...Есіме түссе, ойыма оралса – жаным түршігіп, тұла бойым мұздап кетеді...

Осыдан 75 жыл бұрын қазағымның басын түскен нәкәс-нәубет – ұлтымның маңдайына біткен марқасқаларын зорлап-қорлап, атып-асып, қырып-жойып; тұқымын талқандап, тұяғын шапқан, атаңа нәлет, қызыл кеңестің кеңкелес қолшоқпарлары, шынтуайтын айтқанда, жайсаң жұртымның тектілерін, ең кемінде, үш жүз жылға кемітіп; табиғи дамуын, азайтып айтсам, екі ғасырға шегеріп кетті...

Толық оқу
 

Қажымұқан Ғабдолла: МЕНІҢ ҚАЗАҒЫМ

E-mail Баспа PDF
altҚарға тамыр – қандасым,

Қоңыр дауыс – үндесім.
Ортайтпаған қазынасын,
Ойсыратпаған іргесін.
Қасымда бірге жүргенде,
Қадірімді білмесім.
Алтын сақа ойнасам,
Бақ таласқан «күндесім»,
Толық оқу
 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: Сегіз айдың сергелдеңі

E-mail Баспа PDF

alt2010 жылдың екінші жартысында әлемдік қаржы дағдарысын іс жүзінде еңсере алмайтындығына қазақ билігінің көзі анық жетті. Беті жылтырап, жалған жымиған Кәрім Мәсімов жылдың аяғында өзінің орынбасары Әсет Исекешовпен бірге Есілдің сол жағалауындағы зәулім сарайда ең жоғарғы технологиялық теледидарлар мен байланыс құралдарын пайдаланып, Президент Н.Назарбаевқа Қазақстандағы жаңа өндіріс ошақтарын ашып-көрсетіп, жасанды шоу жасады.

Толық оқу
 

Қажымұқан Ғабдолла: Сасқан үйрек...

E-mail Баспа PDF

altнемесе «Ірік ауыздан – шірік сөз шығады»...

...««Тәуелсізбіз» дейтін жиырма жылда қандай жетістіктерге жеттік?» – деген сауалға кімнің, қалай жауап табатынын қайдам, мен ойлап отырсам, ең терең меңгеріп,
қанымызға сіңірген басты «жетістігіміз» – су жұқпас, от қарымас жағымпаздық! Мұхтар Шахановтың тілімен айтсақ: «ТЖ-лық, яки, туфли жалаушылық», дәлірек айтсақ, ұят-аятты жинап қойып, ар-намысты қамап тастап, бастыққа, байға, барға, зорға, молға – жақсы көріну, сөзге семіру, мүләйімсу, мүсәпірсу, досты сату, туысты тұқырту, елді жамандау, кедейді күстәналау, күштіні лепірту, ашқарақты кекірту, ақымақты аспандату, ұрыны ұлықтау, күнәсізді құрықтау және т.с.с. екен...
Толық оқу
 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА :Арғымақ байлап не керек, Артынан жабы жеткен соң...

E-mail Баспа PDF

alt...Жаңаөзен жанымызды жаралады...

Ішкеніміз – ірің, жегеніміз – желім болды... Ас батпады, ұйқы қашты...
Жаңаөзен жазығы түгіл, Маңғыстауды маңайлаудың өзі мұң болды...
Мыңдар ойланып, жүздер жүрексінсе де,
Мұхтар Шахановты ешкім тоқтата алмады. Шаханов шамданып, Ақтауға аяқ басты...
Толық оқу
 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: ҮМІТ ОТЫ СӨНБЕЙДІ...

E-mail Баспа PDF
altТірі адамға тіршілік тоқтап тұрмайды. Жаңа ғасырдың тағы бір жылы тарих қойнауында қалды. Алдағы он екі айда біз қазақтың қамын күйттеуден танбайтын боламыз. Бұл – біздің бар мақсат-мүддеміз, тұғыр-тағдырымыз...
Терең толғап, сана тезінде таразыласақ, ескі жылдың қазақты қаншалықты жарылқағанын дәп басып, дөп айту қиын. «Баяғы жартас, бір жартас. Күнде барам, айқай салам, Естілер сол жаңғырық!»...
Әкімдер – өтірік айтудан, ұрылар – жымқырудан әсте жаңылар емес...

Толық оқу
 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: Жел тұрмаса...

E-mail Баспа PDF
Қолданушылар бағасы: / 20
ЖаманӨте жақсы 

altҚалай айтсақ та, қазақ билігін мазасыздық дендеді. Бір орасан қателіктің кеткені ақиқат. Идеология басындағылардың бірі Мәулен Әшімбаевтың жылы орынынан айырылуы – сөзіміздің айғағы. 

Мамыражай күн кешкен елімізде жарылыстар орын алды.

Біреулер Ақтөбе мен Атыраудағы аламан-асырдың соңын ала бере: «Бұл қаракеттің артында кезінде осы екі облысты басқарған Президент Әкімшілігінің қазіргі басшысы Аслан Мусинтұр» - деп, көлгірсіді.

Толық оқу
 

Қажымұқан Ғабдолланың “Руханият” партиясының құрылтайында (30.11.2011) сөйлеген сөзі

E-mail Баспа PDF

altҚадірменді халайық, ардақты ағайын, құрметті әріптестер!

Қазақ егемендігінің 20 жылында біз туған жеріміздің байлықтарымен қатар, орасан рухани қазыналарымыздан айырылдық. Жиырма жыл бойы біз жалғыз ғана нәрсені: қазақ тілінің шынайы егемендігін ала алмадық.
Бұл сұмдық үшін бүгін әрбір қазақ ұялуы керек.
Ұлттық тілі жоқ елдің – болашағы да жоқ.
Толық оқу
 

Қажымұқан Ғабдолла. АЛАМАН-БӘЙГЕ БАСТАЛДЫ...

E-mail Баспа PDF

altҚазақ парламентінің Мәжілісі Елбасының елеусіздеу түсіндіруімен әп сәтте тарихтың шыңырауына құлап кетті...
Елбасы, ең алдымен, бұрынғы әдетіне салып, жұртты үркітіп-қорқытудан бастады, әңгімесін...
Оның айтуынша, әлемдік қаржы дағдарысының екінші толқыны 2012 жылы аса қуатты қарқынмен соғатын көрінеді. Сондықтан, Мәжіліске шұғыл ойланып, жылдам шешімдер қабылдауға қабілетті, яғни, жаңа заңдарды кідіріссіз қабылдайтын батыл адамдар қажет екен.

Толық оқу
 
Бет 1 из 14

 Қажымұқан Ғабдолланың жеке веб-сайты.

Материалдарды пайдаланған жағдайда сайтқа cілтеме жасау міндетті.

Біздің газеттер

  • Жыми - ересектерге арналған басылым
  • Телепрограмма - ақпараттық танымдық басылым
  • Анекдоттар әлемі - күлдіртетін газет
  • Күшпен - миы көп адамдарға арналған газет
  • Ғибадат

Сауалнама

Ел басқаруға кім лайық?
 

Онлайнда

Қазір 31 қонақ онлайн

Статистика